Аралбаев
Шектибай Амангельдиевич

Шектібай Амангелдіұлы Аралбаевтың қаржы-экономикалық қызметте 18 жылдық тәжірибесі бар.
2001 жылы «Атырау мұнай және газ институтын» теңіз мұнай-газ құрылыстарында инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп, 2002 жылы «Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында» (ҚМЭБИ) білімін жалғастырып, Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін алды.
Шектібай Амангелдіұлының еңбек жолы 2004 жылы «Тұранәлембанк» АҚ АФ-да басталып, кейіннен мұнай-газ саласындағы түрлі компанияларда жұмысын жалғастырды.
2009 жылдың тамыз айынан бастап Шектібай Амангелдіұлы «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-да Қаржы директоры лауазымында жұмыс істейді және 2015 жылдан бастап Қоғам Басқармасының құрамына кіреді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасымен, «KAZENERGY» Құрмет грамотасымен, «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерейтойлық медалімен, бірнеше мәрте құрмет грамоталарымен және Қоғамның алғыс хаттарымен марапатталған.

Жобалық құжаттаманы келісу процесі :

• Техникалық тапсырма жасау
•Объектіні инженерлік қамтамасыз ету желілеріне қосудың оңтайлы техникалық шарттарын алу
•Сәулет және қала құрылысы бөлімінде Сәулет жоспарлау тапсырмасын алу
•Қоғамдық тыңдаулар өткізу
•Автожол жобаларын Полиция департаментімен келісу
•Су ресурстары инспекциясындағы жобаларды келісу
•Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінде жобалық шешімдерді келісу
•Тіркеу шифрын ала отырып, Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу және сараптау
•Энергетикалық сараптама жүргізу
•Материалдарды жеткізу пункттерін көрсете отырып, көлік схемаларын жасау
•Бас жоспарды Бас сәулетшімен келісу
•Сәулет және құрылыс саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтерге сәйкестігіне жұмыс құжаттамасын талдау
•Жобалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптама порталына жүктеу
•Сарапшылармен жұмыс, туындаған мәселелерді шешу, Техникалық экономикалық көрсеткіштерді бекіту
•Сараптаманың оң қорытындысын алу
•Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу
•Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы талон алу