«Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ

“Каспиймұнайгаз” ғылыми-зерттеу және жобалау институты” акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасының инжинирингтік компаниялары арасында мұнай-газ өнеркәсібі үшін кен орындарын игеру және жайластыру бойынша кәсіби қызметтер көрсету саласындағы заманауи, серпінді дамып келе жатқан кәсіпорын. Біздің Компания 80 жылдан астам уақыт бойы ең жақсы дәстүрлер мен бай жобалау тәжірибесін сақтап, оны жаңа озық технологияларды игерумен біріктірді.
«Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ құзыретті және білікті персоналының арқасында жоғары сапалы өнім шығару, әрбір Тапсырыс берушімен жеке тіл табысу арқылы күн сайын өзінің имиджін тиісті деңгейде ұстап отырады.

Компания қызметінің негізгі бағыттары мұнай-газ және азаматтық сектор үшін кез келген күрделіліктегі жобаларды әзірлеу, ғылыми-зерттеу және инженерлік-іздестіру жұмыстары, авторлық қадағалау және құрылыс кезінде техникалық қолдау болып табылады.

“Каспиймунайгаз” ғылыми-зерттеу және жобалау институты” акционерлік қоғамы – қажетті техникалық ресурстарға және заманауи бағдарламалық жасақтамаға, өзектендірілген нормативтік базаға және ұйымшыл кәсіби ұжымға ие компания, әрбір Серіктеспен өзара қолдау және жауапкершілік жағдайында ынтымақтасады. Табысқа, сапаға, қауіпсіздік техникасы мен экологияны сақтау бойынша талаптар мен ережелерді сақтауға бағытталған, үнемі жетіле отырып, біз Болашақты ел ауқымында және әркімнің мүддесінде жобалауға көмектесеміз!

Жобалық құжаттаманы келісу процесі :

• Техникалық тапсырма жасау
•Объектіні инженерлік қамтамасыз ету желілеріне қосудың оңтайлы техникалық шарттарын алу
•Сәулет және қала құрылысы бөлімінде Сәулет жоспарлау тапсырмасын алу
•Қоғамдық тыңдаулар өткізу
•Автожол жобаларын Полиция департаментімен келісу
•Су ресурстары инспекциясындағы жобаларды келісу
•Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінде жобалық шешімдерді келісу
•Тіркеу шифрын ала отырып, Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу және сараптау
•Энергетикалық сараптама жүргізу
•Материалдарды жеткізу пункттерін көрсете отырып, көлік схемаларын жасау
•Бас жоспарды Бас сәулетшімен келісу
•Сәулет және құрылыс саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтерге сәйкестігіне жұмыс құжаттамасын талдау
•Жобалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптама порталына жүктеу
•Сарапшылармен жұмыс, туындаған мәселелерді шешу, Техникалық экономикалық көрсеткіштерді бекіту
•Сараптаманың оң қорытындысын алу
•Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу
•Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы талон алу