«Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ

Ким
Сергей Павлович

Сергей Павлович Ким, қатардағы инженерден бірінші басшыға дейінгі жолдан өткен Компанияның ең жас басшысы.

Атырау мұнай және газ институтында техникалық білім алып, С.П. Ким өзінің кәсіби мансабын Қоғамда 2006 жылы бастады және екі жыл ішінде қарапайым маманнан «Теңізшевройл» ЖШС жоба жетекшісіне дейін өсті. Топ басшысы (2008-2018жж.) лауазымында жұмыс істеген уақытында Қазақстандық Жобаларды Басқару Қауымдастығының сертификаттауынан сәтті өтті, өзін сауатты басшы және жобалау-іздестіру жұмыстарының тамаша ұйымдастырушысы ретінде көрсетті. Аталған кезеңде С.П. Ким басшылығымен Нидерланды мен Ұлыбританиядағы халықаралық жобаларды қоса алғанда, әртүрлі күрделіліктегі жобалар сәтті аяқталды.

2018 жылдың мамыр айында Директорлар кеңесінің шешімімен С.П. Ким «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Басқарма Төрағасы лауазымында салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде басқарудағы менеджерлік әлеует пен білімді пайдалана отырып, С.П. Ким Қоғамды күннен күнге жаңа деңгейге көтеретін компания қызметінде елеулі оң өзгерістерге қол жеткізе алды. Оның ірі жобалау институтының басшысы ретіндегі жұмысының ерекшелігі – өндіріс процесінің барлық салаларында жаңашыл көзқарас және екіжақты диалогқа ашықтық, Қоғам қызметкерлеріне мұқият қарау болды.

Көп жылғы және адал еңбегі, Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика саласын дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Сергей Павлович Ким «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасымен, «KAZENERGY» Құрмет грамотасымен және медалімен, «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерейтойлық медалімен, бірнеше рет Қоғамның Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Табысты көшбасшы бола отырып, ол қайырымдылық және спорттық іс-шараларға белсенді қатыса отырып, ұжымда салауатты өмір салтын насихаттайды.

Жобалық құжаттаманы келісу процесі :

• Техникалық тапсырма жасау
•Объектіні инженерлік қамтамасыз ету желілеріне қосудың оңтайлы техникалық шарттарын алу
•Сәулет және қала құрылысы бөлімінде Сәулет жоспарлау тапсырмасын алу
•Қоғамдық тыңдаулар өткізу
•Автожол жобаларын Полиция департаментімен келісу
•Су ресурстары инспекциясындағы жобаларды келісу
•Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінде жобалық шешімдерді келісу
•Тіркеу шифрын ала отырып, Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу және сараптау
•Энергетикалық сараптама жүргізу
•Материалдарды жеткізу пункттерін көрсете отырып, көлік схемаларын жасау
•Бас жоспарды Бас сәулетшімен келісу
•Сәулет және құрылыс саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтерге сәйкестігіне жұмыс құжаттамасын талдау
•Жобалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптама порталына жүктеу
•Сарапшылармен жұмыс, туындаған мәселелерді шешу, Техникалық экономикалық көрсеткіштерді бекіту
•Сараптаманың оң қорытындысын алу
•Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу
•Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы талон алу