Құбырлар жүйесі
- Құбырлар жүйесі
- Бағдарламалық жасақтама
Құбырлар жүйесі сұйықтықтарды бір нүктеден екінші нүктеге тасымалдаудың ең тиімді және кең таралған құралы болып табылады. Құбырлар құрылыс кезінде барлық технологиялық жабдықтардың материалының 25%-дан 35%-на дейін құрайды және монтаждау жұмыстарының 30%-дан 40%-на дейін талап етеді, тиісінше инженерлік адам-сағаттардың 40%-дан 48%-на дейін тұтынады. Құбырларды төсеусіз кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру мүмкін емес, бұл ретте жүйенің функционалдығы мен қауіпсіздігі жобаның сапасына байланысты. Сондықтан қызметке жобалаумен айналысатын мамандандырылған компанияларда тапсырыс беру керек. Каспиймұнайгаз ҒЗЖИ АҚ – кәсіпқойлар командасы құрылысқа қажетті құжаттаманы дайындайды.
Жобалау нәтижесі мамандардың біліктілігіне, іске жауапты қатынасқа байланысты. Бізде халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін жобаны жасау үшін өздерінің бай білімдерін, сондай-ақ заманауи технологияларды пайдаланатын тәжірибелі қызметкерлер жұмыс істейді. Біз:
- Қойылған міндеттерді орындау мерзімдерін қатаң сақтауға;
- Кәсіби жұмыс істейтенімізге;
- Қызметкерлердің жоғары біліктілігіне кепілдік береміз.
Сауатты жоба жүйенің ұзақ және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті техникалық сипаттамалары бар құбырды қатесіз орнатуға мүмкіндік береді. Біздің компанияның мамандары жобалық жұмыстарды табысты жүргізу үшін жеткілікті біліктілікке ие.
Құбырларды байланыстыру бөлімі іргелес бөлімдердің басқа мамандарымен бірлесіп, әр жекелеген компания белгілеген ережелер мен процедураларды ұстана отырып, сондай-ақ өзекті нормативтік құжаттарды ескере отырып, орнатудың жалпы жоспарын жасайды, құбырлардың әр желісін зерттейді, құбыр эстакадасының орналасу жерін және құбырлардың нақты маршрутының орналасуын және тіректердің түрін анықтайды.
AutoCAD
- Жобаларды құру үшін AutoCAD, CadWorks3D, NanoCAD және BricsCAD сияқты танымал бағдарламалық жасақтама қолданылады.
- Құбырлардың кернеуін талдау үшін CAESAR II БЖ қолданылады, ол 35-тен астам халықаралық жобалау стандарттарының, сондай-ақ әртүрлі экологиялық және техникалық нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес кез келген өлшемдегі және күрделіліктегі құбырларды жобалауға, бағалауға және сипаттауға мүмкіндік береді.
- Штуцерлердің ыдыстар мен аппараттардың ернеушелері мен түптеріне қосылатын орындарының, сондай-ақ құбырларға және тік болат резервуарлардың (ТБР) қабырғаларына қосылатын орындардың беріктігі мен қаттылығына есептеулер жүргізу үшін «Штуцер-МКЭ» («Nozzle-FEM») БЖ қолданылады, ол да конустық өтулер мен түптердің беріктігіне есептеулер жүргізеді. Есептеу қысым мен сыртқы жүктемелердің әсерінен жүзеге асырылады.
Для выполнения расчётов на прочность и жёсткость мест соединений штуцеров с обечайками и днищами сосудов и аппаратов, а также мест врезок в трубопроводы и врезок в стенки вертикальных стальных резервуаров (РВС)
используется ПО «ШТУЦЕР-МКЭ» (“Nozzle-FEM”). Каторая также проводит расчёты на прочность конических переходов и днищ. Расчёт осуществляется от воздействия давления и внешних нагрузок.
Басты бет ← Көрсетілетін қызметтер ← Жобалау ← Құбырлар жүйесі