«Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ

Кужагалиева
Элла Зайдуллаевна

Кужагалиева Элла Зайдуллаевна заңгерлік қызметте 28 жылдық тәжірибесі бар.


Атырау облысының әділет органдарында заңгер қызметін бастап, банк саласында, содан кейін сервистік мұнай-газ және құрылыс индустриясы субъектілерін қоса алғанда, түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде жұмысын жалғастырды. Өз біліктілігін жалпы арттыру және заң қызметінің шекарасын кеңейту үшін 2015 жылы жеке нотариуста тағылымдамадан өтті. Сот практикасында үлкен тәжірибесі бар. Өз қызметінде құқық үстемдігі, тәуелсіздік, адамгершілік және құзыреттілік қағидаттарын басшылыққа алады. Өзінің тікелей кәсіби қызметін аталған компанияның Басқарма мүшелігімен қоса атқара отырып, 2016 жылдан бастап «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді.


Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін Элла Зайдуллаевна KAZENERGY қауымдастығының құрмет грамотасымен марапатталды, сондай-ақ оған нотариаттық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия және медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту туралы сертификат берілді.

Жобалық құжаттаманы келісу процесі :

• Техникалық тапсырма жасау
•Объектіні инженерлік қамтамасыз ету желілеріне қосудың оңтайлы техникалық шарттарын алу
•Сәулет және қала құрылысы бөлімінде Сәулет жоспарлау тапсырмасын алу
•Қоғамдық тыңдаулар өткізу
•Автожол жобаларын Полиция департаментімен келісу
•Су ресурстары инспекциясындағы жобаларды келісу
•Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінде жобалық шешімдерді келісу
•Тіркеу шифрын ала отырып, Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу және сараптау
•Энергетикалық сараптама жүргізу
•Материалдарды жеткізу пункттерін көрсете отырып, көлік схемаларын жасау
•Бас жоспарды Бас сәулетшімен келісу
•Сәулет және құрылыс саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтерге сәйкестігіне жұмыс құжаттамасын талдау
•Жобалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптама порталына жүктеу
•Сарапшылармен жұмыс, туындаған мәселелерді шешу, Техникалық экономикалық көрсеткіштерді бекіту
•Сараптаманың оң қорытындысын алу
•Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу
•Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы талон алу